Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тырысқақ ауруының жаһандық деңгейде таралу қаупі өте жоғары екендігі туралы ескерту жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

Аурудың көбеюіне және олардың географиялық кеңеюіне, вакциналар мен басқа ресурстардың жетіспеушілігіне сүйене отырып, ДДҰ жаһандық деңгейде  тырысқақ таралатынын мәлімдеді.

«11 ақпаннан бері жаһандық жағдай одан әрі нашарлады: төрт ел инфекция туралы хабарлады. Қазіргі уақытта барлығы 24 елде тырысқақ таралған», – делінген хабарламада келтірген.

Тырысқақ инфекциясы тіркелген елдердің басым көпшілігі Африка мен Таяу Шығыста екен.

Тырысқақ – адамзат тарихындағы ең қорқынышты аурулардың бірі. Ол әлі күнге дейін әлемнің кейбір бөліктеріндегі өлім-жітімге себепші. Инфекция соңғы 200 жылда жеті пандемияға себеп болды. Ол бір кездері «көк өлім» деп аталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!