Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік маңызы бар аурулардың жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің бұйрығына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен бірнеше диагнозды алып тастауға шешім қабылданды. Атап айтқанда, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап қант диабеті, балалардың церебралды сал ауруы, ревматизм мен дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы тізімге кірмейді. Оның орнына инсульт пен эпилепсияны енгізді.
Жаңартылған тізім:
- туберкулез;
- адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру;
- созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы;қатерлі ісіктер;
- психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулар);
- жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай);
- дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы;
- жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
- орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялаушы аурулары;
- орфандық аурулар;
- эпилепсия;
- инсульт (ауруға шалдыққаннан кейін 1 жыл бойы).
Айта кетері, әлеуметтік маңызы бар аурулар медициналық сақтандырудың бар-жоғына қарамай тегін емделеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
