Қазақстанда шетелден жұқтырып әкелген безгек түрі тіркелді. Соңғы бес жыл ішінде елде сырттан келген безгектің 13 жағдайы анықталған, олардың басым бөлігі тропикалық түріне жатады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, соңғы жағдай биыл наурыз айында Алматыда Африкадан оралған әйелден анықталған.

“Эпидемиологиялық зерттеулер деректері көрсеткендей, тіркелген барлық жағдайларда науқастар безгек таралған елдерге сапар алдында химиопрофилактика жүргізбеген. Химиопрофилактика – бұл безгекке қарсы арнайы дәрілерді дәрігердің тағайындауымен қабылдау. Ол қауіпті аймақтарға барар алдында, сол елде болған кезде және қайтып келгеннен кейін белгілі бір уақыт бойы жүргізіледі. Бұл шара ауру жұқтырған маса шаққан жағдайда да аурудың дамуын болдырмайды”, – дейді мамандар.

Ведомстоның мәліметінше, халықаралық туризмнің қарқынды дамуы және еңбек көші-қонының артқандықтан Қазақстанға тропикалық паразиттік ауруларды әкелу қаупі сақталып отыр. Сонымен қатар безгек ең қауіпті инфекциялардың бірі болып қала береді: дер кезінде анықталмаса және емделмесе, ауру ауыр асқынып, адам өліп кетуі мүмкін.

Паразиттік аурулардың сырттан әкеліну ықтималдығы бірнеше себепке байланысты:

  • Халықаралық туризмнің белсенді дамуы;
  • Еңбек көші-қонының артуы, оның ішінде эндемиялық елдерден келетін маусымдық жұмысшылар санының көбеюі;
  • Халықаралық экономикалық және көлік байланыстарының кеңеюі;
  • Климаттың өзгеруі, бұл экзотикалық қоздырғыштар мен инфекция тасымалдаушыларының өмір сүруіне және бейімделуіне қолайлы жағдай туғызады;
  • Халық пен медицина қызметкерлерінің тропикалық инфекциялардан сақтану шараларының төмендігі, бұл ауруды кеш анықтау қаупін арттырады.

Қазақстан халқының арасында арнайы иммунитеттің болмауы да өте қауіпті. Мұндай жағдайда сырттан келген бір жағдайдың өзі сырқаттың ауыр өтуіне жеткілікті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!