Фото: pixabay.com
Аллергиясы бар адамдар күзде ағаштардан түскен жапырақтардың себебінен қиналуы мүмкін. Себебі ол – зеңнің таралуына керемет орта. Аллерголог-иммунолог Анна Усачева аллергиясы бар адамдарға пайдалы кеңестер берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Газетой.Ru»-ға сілтеме жасап.
Ауа райының өзгеруіне, жиі жауын-шашынға және жоғары ылғалдылыққа байланысты белсенді дамып жатқан зең спораларымен тыныс алу денсаулыққа жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бұл тыныс алудың қиындауы, ентігу және басқа да тұмау белгілеріне ұқсайтын симптомдарға әкелуі мүмкін.
Зеңге реакциялар әртүрлі болуы мүмкін: түшкіру мен мұрынның бітелуінен бастап, тамақтың қышуына, көздің жасаурауына, тіпті тері бөртпелеріне дейін. Аллергияның бір ерекшелігі – жоғары температураның болмауы, бұл оны жұқпалы аурулардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Бұл кезеңде қауіп тобына аллергияның басқа түрлері немесе өсімдіктердің гүлденуіне сезімталдығы бар адамдар жатады. Асқыну қаупін азайту үшін бірқатар профилактикалық нұсқауларды орындау маңызды.
Егер аллергияға бейім болсаңыз, күзгі маусымда аллергендермен байланыста болудан аулақ болу керек:
- Жапырақтардан гүл шоғын жинамаңыз;
- Кеппешөп (гербарий) жасамаңыз;
- Жердегі жапырақтардың үстіне отырып, фотосессия жасамаңыз;
- Ылғалды ауа райында орманға бармаңыз;
- Жер үйде тұратын болсаңыз, ауланы құлаған жапырақтардан үнемі тазалап отырыңыз. Аллергенмен тыныс алу қаупін азайту үшін респиратор кию керек.
- Терезелер мен есіктерге қорғаныс торларын пайдаланыңыз. Бұл зең мен тозаң спораларының үйге кіруін шектеуі мүмкін;
- Ауа тазартқыштар алыңыз. Олар үйдегі ауаны тазартуға көмектеседі;
- Даладан үйге кіргенде аяқкиімді сүртіңіз;
- Егер үй жануарларымен далаға шықсаңыз, үйге кірген соң оларды жуындырыңыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!