Фото: pixabay.com

Әлем бойынша көптеген адам D дәруменінің тапшылығымен қиналады. Көктем – оның қорын толтыруға жақсы уақыт. Өзіңіздегі D дәрумені тапшылығын анықтау қиын емес, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

D дәрумені тапшылығы жайлы мына белгілердің жиынтығынан білуге болады:

  • сүйектердің, бұшықеттердің және буындардың ауыруы;
  • себепсіз шаршай беру;
  • нашар ұйқы;
  • шаштың түсуі;
  • жиі ауыра беру;
  • депрессия, мазасыздық және көңіл күйдің бұзылуы. Нақты диагнозды дәрігер қан анализінің нәтижесі арқылы қоя алады. Ал жоғарыдағы белгілер – дәрігерге қаралуға себеп.

Көктемгі күн сәулесі – ағзада D дәруменінің синтезделуіне ықпал ететін тегін «дәрі». D дәрумені ағзадағы фосфор мен кальцийдің тиісті деңгейін ұстап тұруға, яғни тістер, сүйектер, бұлшықеттер саулығына жауап береді.

Сондай-ақ, ол иммунитеттің, жүрек-қан тамырлары, жүйке, асқорыту және басқа да жүйелердің қызметін реттейді.

Егер ультракүлгін сәулеленуге қарсы көрсетілімдер болмаса, ағзада D дәрумені синтезделуі үшін көктемде және жазда күн сайын кем дегенде 20 минут күн сәулесі астында болу жеткілікті.

Егер сізге күннің астында көп жүруге болмайтын болса, D дәрумені деңгейін тамақ арқылы толтыра аласыз. Ол албырт, тунец, сардина, балық майы, жұмыртқаның сарысында болады. Ал биологиялық қоспалар түріндегі арнайы препараттарды тек дәрігер тағайындай алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!