Жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл әлем Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнін атап өтеді. Бұл күн ЖИТС инфекциясы әлі де маңызды қоғамдық мәселе екенін еске салады. АИТВ-адамның иммунитет тапшылығынын вирусы-ағзаны әртурлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныш жүйесін зақымдайды.

ЖИТСжұқтырылған иммунитет тапшылығынын синдромы − АИТВ-мен байланысты туындайтын сырқат. ЖИТС − АИТВ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі дейін АИТВ және ЖИТС-тан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойында қалады.Алайда дер кезінде анықтау және дұрыс ем қабылдау арқылы ЖИТС-пен өмір сүретін адамдар толыққанды, ұзақ өмір сүре алады. Ең бастысы − өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарау.

АИТВ-тін жұғу жолдары:

  • қорғанбай жыныстық қатынасқа түскенде, жыныстық серіктесті жиі ауыстырған кезде;
  • есірткі қантамыр арқылы пайдаланғанда (залалды ине, шприц және басқа құралдар, материалдар);
  • татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр жасату мен басқа шаралар кезінде (залалсыздандырылмаған ине, құралдар арқылы);
  • ауру анадан жүктілік кезінде, босанғанда және емізгенде жұғады;

АИТВ жұқпайды:

  • қол алысып, құшақтасса;
  • жөтелсе немесе түшкірсе;
  • бассейінде және табиғи суда шомылса;
  • ортақ ыдысты, асхана, төсек-орын жабдықтарын қолданса;
  • ортақ әжетхананы және жуынатын бөлмені қолданса;
  • шыбын-шіркей шақса;

Жұқтырып алмау үшін не істеу қажет:

  • жауапты, қауіпсіз жыныстық міне-құлықты ұстану;
  • жыныстық серіктеспен өзара адалдықты сақтау есірткіні тұтынудан бас тарту;
  • жеке қорғануқұралын-мүшеқапты пайдалану, косметикалық шаралары (пирсинг, татуаж, маникюр, педикюр, құлақ тесу) үшін залалсыздандырылған құралды қолдану;
  • жеке тазалық құралдарын қолдану;

АИТВ-ті диагностикалау мен емдеу Қазақстанда мемлекеттік қаражат есебінен тегін жүргізіледі. АИТВ-қа тестті ЖИТС орталықтарында және тұрғылықты мекен-жай бойынша емханаларда тапсыруға болады. Тест тегін әрі құпия түрде жүргізіледі.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні − тек күнтізбедегі дата емес. Бұл өз денсаулығымызға және жақындарымызға деген жауапкершілікті еске салатын күн. Уақытылы тест тапсырып, сақтану шараларын ұстанайық. Бірге әрекет етсек, ВИЧ жұқпасының таралуын тоқтата аламыз.

Алима Максадовна,
Қызылорда бөлімшелік көліктегі
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!