Көктем мен жазда өсімдіктерден бөлінетін тозаң мөлшері артады. Бұл көп адамда аллергияға себеп болуы мүмкін. Аллергия симптомдарын жеңілдету үшін мамандар бірнеше тиімді кеңес ұсынады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап. 

Бөлме ауасын таза ұстау

Мамандар аллергия белгілерін азайту үшін үй есіктері мен терезелерін жабық ұстауды ұсынады. Егер терезені ашу қажет болса, оны түнгі уақытта жасау керек, өйткені бұл кезде ауадағы тозаң деңгейі төмен болады.

Терезе пердеcі мен жалюзді тазалау

Сонымен қатар, сарапшылар үйдегі перделер мен жалюздің тазалығына көңіл бөлу маңызды деп санайды. Оларды айына кемінде бір рет тазартып тұрса, бетінде жиналған тозаңнан құтылып, аллергия қаупін азайтуға болады.

Тері күтімі

Дерматологтар аллергиядан қорғанудың тағы бір жолы киім мен теріні тозаңнан тазарту екенін айтады. Косметика немесе күннен қорғайтын крем қолданған жағдайда теріні екі кезең арқылы тазарту қажет.

Аллергияға қарсы қосымша әдістер

Аллергияның алдын алу үшін үйді тұрақты түрде тазалау маңызды. Сонымен қатар, дәрігермен кеңесіп, жеке емдеу жоспарын жасау пайдалы болмақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!