9 қыркүйекте Алматыда автобус жүргізушісі екі адамды қағып кетті. Салдарынан ер адам оқиға орнында жан тапсырған, ал әйел ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан скриншот
Жолаушылар автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта қозғалып келе жатқанда жолды белгіленген орыннан кесіп өтпек болған екі адамды қағып кеткен.
Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында жан тапсырған. Ал 1957 жылы туған әйел ауруханалардың біріне жеткізілді.
«Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды», – делінген полиция хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!