Фото: freepik.com

Алматыда қалалық мәслихаттың XXXIV сессиясы өтіп, онда бірқатар мәселе қаралды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Сессия барысында депутаттар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын аурулар мен дәрілік заттар тізбесін кеңейтуді бекітті. Қосымша он әлеуметтік маңызы бар және сирек кездесетін патологиясы бар 23 пациент қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. 

Сондай-ақ қала көріктендіру ережелеріне толықтырулар енгізілді. Енді жауын-шашын тым көп түскенде көшелерді күшейтілген режимде күтіп-ұстау тетігі бекітілді.

– Мәселен 2024–2025 жылғы қыста Алматыда бес тәулікте қатты қар жауған (14–22 см, норма – 1,87 см). Бұл жағдайда жұмысшылар мен техниканың санын шұғыл көбейту қажеттілігі туындады. Есеп бойынша, осындай жағдай қайталанса, 4 мыңға дейін жол жұмысшысы, 200 арнайы техника және 30 жүк тиегіш қажет болады. Жалақы тек нақты орындалған жұмысқа төленеді, – деп хабарлады мәслихаттан. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!