Фото: Dalle 3 нейрожелісі

Алматыда көкжөтел жұқтыру дерегі 20 пайызға өскен. Бес айда 62 науқас коклюшпен тіркеліпті.  Ауруға шалдыққандардың дені – 14 жасқа дейінгі екпе салдырмаған балалар, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыда қызылша дерті де дендендеп барады. 3 170 науқастың 2 мыңға жуығы балалар мен жас өспірімдер. Мамандардың сөзінше, бұл да – вакцинациядан бас тартудың салдары. Жалпы қалада эпидахуал тұрақты. Тырысқақ , іш сүзегі, қышыма мен күйдіргі сияқты қауіпті инфекция ешкімнен анықталмаған.

Ал маусымдық тұмаудан қорғайтын екпені қала тұрғындарының 11 пайызы ғана салдырыпты. Жаз мезгілі болған соң тағамнан улану мен ішек инфекциясын жұқтыру жағдайы жиілепті.

«11 нозология, оның ішінде сальмонеллез 17,4 пайызға, этиологиясы анықталған жіті ішек инфекциялары 22,1 пайызға, көкжөтел 20,1 есеге, менингококк инфекциясы 1,6 есе (немесе 2 жағдай), қызылша 5,8 есе, А вирустық гепатит 41,6 пайызға, жедел В вирустық гепатит 44,4 пайызға (немесе 1 жағдай), созылмалы С вирустық гепатит 32,5 пайызға, энтеробиоз 1,7 есеге, ЖРВИ 7,8 пайызға, дерматомикоз 32,2 пайызға артқаны байқалады», – дейді Алматы санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасының басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!