Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Нариман Табынбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осы ауруханада маусым айында науқастар АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған болатын.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, Нариман Табынбаев 1 тамызда денсаулығына байланысты қызметінен босатылған.

Байқау кеңесінің конкурсы өткенге дейін, 1 қыркүйектен бастап «Орталық қалалық клиникалық аурухана» директорының міндетін атқарушы лауазымына Серікжан Сабыралиев тағайындалды.

Серікжан Сабыралиев 2007 жылы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2008 жылы М. Әлиев атындағы Қазақстан медицина университетін «урология» мамандығымен интернатураны аяқтады. Денсаулық сақтау магистрі.

Еске салсақ, маусым айында Алматыдағы орталық ауруханаға түскен 5 науқас ем алу кезінде АИТВ жұқтырып алғаны туралы жазған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!