Cурет: depositphotos.com
Қазақстандық сейсмологтар 24 мамыр күні таңғы сағат 05:25-те Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 434 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл туралы Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының (ҰССБЗҒО) ресми сайтында хабарланды.
Мекеме таратқан ақпаратқа сәйкес, зілзаланың ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Оның координаттары: 41.050 с.е., 72.533 ш.б. Есептік қарқындылығы Қазақстан аумағында сезілмеген.
Ал Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,9 баллды құраған. Эпицентрі Қырғызстандағы Тоскоол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым, ал Жалал-Абад қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!