Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының науқастары АИТВ (ВИЧ) жұқтырғанын растады.

Басқарма мәліметіне сүйенсек, ЖИТС орталығының мамандары орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ОҚКБ) АИТВ оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтаған. Артынша 2 маусым күні ДДҰ басшысының орынбасары мен ЖИТС орталығы қызметкерлерінің төрағалығымен комиссия құрылып тексеру жүргізіліпті. Соның аясында комиссия вирустың таралу көздерін анықтау үшін ішкі тергеу жүргізді. Әрі донорлар, медицина қызметкерлері және байланысқан адамдар толықтай қаралған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!