ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбден Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында болып, мекеме ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында бас дәрігер Олег Ким ана мен бала денсаулығын сақтау бағытындағы жұмыстармен таныстырып, медициналық қызметті жақсарту жолындағы бастамаларымен бөлісті.

Орталық заманауи құрылғылармен жабдықталған. Оның ішінде УДЗ, өкпені жасанды желдету, анестезиялық-тыныс алу аппараты, операциялық шам және Voluson Е10 УДЗ құрылғысы бар.

Сонымен қатар орталық мамандары Мәскеу мен Стамбул қалаларында біліктіліктерін арттырған.

Депутат ана мен балаға сапалы қызмет көрсетіп отырған ұжымның еңбегіне табыс тіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!