Ақмола облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты, алайда өңірде «Цербер» коронавирусының жаңа штаммы анықталды. Бұл туралы Ақмола облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Коронавирустық инфекцияны анықтау бойынша соңғы рет ПТР-тестілеудің 40-қа жуық оң сынамасы зерттелді, оның ішінде бір сынамада Қазақстан аумағында анықталған BQ.1.1 «Омикрон» штаммының бір түрі – «Цербер» штаммы расталды», – деді Айнагүл Мусина.
Осы ретте, өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ақмолалықтарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды және ондай жерлерде қорғаныс шарасы ретінде бетперде киюді еске салады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!