АҚШ денсаулық сақтау саласының шенеуніктері жексенбі күні Pfizer мен Moderna компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарының педиатриялық дозалары 5 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпсіз әрі тиімді екені туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі NBC News арнасына сілтеме жасап. АҚШ-тың Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті (FDA) Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы 5 жасқа дейінгі балаларға арналған Pfizer және Moderna вакциналарының талдауын жариялады. Бұл құжаттар 15 маусымда тәуелсіз сарапшылар өз ұсыныстарын беріп, жоғарыда аталған дәрілерді қолдануға дауыс беретін отырыс қарсаңында әзірленді. FDA талдауына сәйкес, АҚШ-тағы коронавирус жағдайларының шамамен 3%-ы 6 айдан 4 жасқа дейінгі жас тобына келеді. Алайда, осы топтағы ауруханаға жатқызу және өлім-жітім деңгейі үлкен жастағы балаларға қарағанда жоғары, бұл оларды вакцинациялаудың бір себебі болып тұр. АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 5 жасқа дейінгі 30 мыңнан астам америкалық бала коронавируспен ауруханаға жатқызылды, олардың арасында 500-ге жуығы қайтыс болды.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!