Кәсіпкерлерге Ashyq жобасына қосылу процесін жеңілдету үшін отандық Aitu қосымшасында Ashyq Business пайда болды. Оның көмегімен смартфон арқылы QR-код алып, күзетші режимін басқаруға болады.
«Қосымшаның негізгі артықшылықтары: ЭЦҚ кілті талап етілмейді, сәйкестендіру процесі адамды бет-әлпетінен анықтайтын Digital ID – электронды жеке куәлік көмегімен іске асырылады. Кәсіпкер QR-кодты көп күтпестен бірден ала алады. Кез келген уақыттта күзетші режимін қосып, алып тастауға мүмкіндігі бар», – деді BTS Digital әзірлеуші компанияның өкілі.
Aitu көмегімен QR-код алу жолдары:
1-қадам. Өз смартфоныңызға Aitu қосымшасын https://ashyq.business қосып, телефон нөмірі көмегімен тіркеуден өтіңіз.
2-қадам. Қосымшалар бөлімінде Ashyq Business-ті табыңыз. Егер сервис ашылмаса, оны іздеу жолағына «Ashyq Бизнес» деп теріп, қосымшалар каталогынан табыңыз.
3-қадам. Digital ID арқылы сәйкестендіруден өтіңіз:
-«кіру» түймесін басыңыз
-SMS-код теріңіз
-ЖСН нөміріңізді теріңіз
-видео тексеруінен өтіңіз. Ол үшін смартфонның алдыңғы камерасы көмегімен шыққан доғал шеңберге бет жүзіңізді тақаңыз.
4-қадам. Нысанды қосып, QR-кодты алыңыз. Ол үшін «нысанды қосу» түймесін басыңыз, өтінімді толтырыңыз.
5-қадам. QR-кодты жүктеп алыңыз. Нысан атауына басқанда, QR-кодты, ақппараттық матераилдарды жүктеп алуға, сондай-ақ «күзетші» бөлімінде телефон нөмірлерін қосуға болатын бөлім ашылады.
Қосымша функционалы QR-кодты ЖШС-ның бірінші жетекші немесе жеке кәсіпкер алуын қарастырады.
Aitu қосымшасы арқылы «күзетші» режимін алу жолдары:
1-қадам. Қосымшаға кіріп, Ashyq Business-ті таңдаңыз.
2-қадам. Өз нысаныңызды тауып, объектіні таңдап, «күзетшіні қосу» түймесін басыңыз.
3-қадам. Телефон нөмірін және күзетші атын енгізіңіз.
4-қадам. Күзетші смартфонына SMS-код пен жұмыс нұсқаулығын алады.
Күзетшіні алып тастау үшін телефон нөмірі жанында ашылатын корзина белгісіне басыңыз.
«Егер телефон нөмірі Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген және Ashyq жобасына қатысушы болмаса қосымша бұл абонементті күзетші қатарына қоса алмайды. Базаға egov.kz сайты арқылы тіркелуге болады», – деп түсіндірді әзірлеуші.
Aitu – BTS Digital компаниясы әзірлеген отандық қосымша, онда түрлі функциялар мен сервистер: мессенжер, электронды әмиан, музыка, бейнехостинг, контент арналар, мемлекеттік сервистер, білім беру бағдарламалары және Lamoda, OLX, iDoctor, eGov брендтері секілді 30-дан астам шағын-қосымша шоғырланған.
Aitu қосымшасын Appstore және Google Play-дан жүктеп алуға болады.
Ал ASHYQ-қа қатысты қандай да бір сауалдарыңыз болса Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес беруге әзір.
Жауапты мамандар:
Қызылорда қаласы бойынша Гүлнұр Құрмантаева. Тел.: +7 771 479 7582, +7 771 544 8527;
Арал ауданы бойынша Нұрлан Махашов. Тел.: +7 778 480 77 87;
Қазалы ауданы бойынша Ахан Рашев. Тел.: +7 778 912 76 92;
Қармақшы ауданы бойынша Қуаныш Аяпов. Тел.: +7 777 333 0603;
Байқоңыр қаласы бойынша Әсет Мереков. Тел.: +7 771 703 87 40;
Жалағаш ауданы бойынша Асылхан Балмаханов. Тел.: +7 747 282 56 88, +7 705 850 18 62;
Сырдария ауданы бойынша Олжас Дүйсенов. Тел.: +7 777 878 87 86;
Шиелі ауданы бойынша Олжас Жылқыбаев. Тел.: +7 777 513 97 77;
Жаңақорған ауданы бойынша Нұрмахан Әлімбетов. Тел.: +7 778 249 88 88.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!