Астананың Бас мемлекеттік санитария дәрігері Айгүл Шағалтаева «Санитариялық індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес бірқатар шара енгізілді:
- поликлиникалар мен стационарлардың жұмысын күшейту;
- науқастарды оқшаулау;
- қабылдау кабинеттерін кеңейту;
- маска тағу режимін сақтау;
- вирусқа қарсы препараттардың қорын толықтыру.
Сондай-ақ, 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейін сыныптағы оқушылар санының 30 пайызы және одан да көбі ЖРВИ-мен ауырса, қашықтан оқыту форматына ауыстыру, т.б. шаралар қарастырылған.
Айта кетейік, кейінгі аптада елордада 23 002 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл 30 қазан – 5 қараша аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп. Науқастардың 60 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
