Былтыр астаналықтар 17 млрд теңгеден аса соманың тегін дәрі-дәрмектерімен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сілтеме жасап.

2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласында 207 663 пациент 939 274 тегін рецепт бойынша 17, 02 млрд теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

«Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 3 458 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 8 547 бала; Темір жетіспеушілігі анемиясымен – 1 343 бала; Рахит ауруымен 1004 бала; Пневмониямен 2 197 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 645 бала, т.б.

Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!