Атырауда екі баласын сатпақ болған 32 жастағы әйел ұсталды, деп жазады azh.kz.Батыс Қазақстан облысының тұрғыны бір және екі жасар баласын сатып алатын адамдарды өзі тапқан, деп хабарлады облыс полициясы.Балаларды қаншаға сатпақ болғаны әзірге белгісіз.Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 135-бабы «Кәмелет жасына толмағандарды сату» бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!