Атыраудағы ауруханалардың бірінде емделіп жатқан науқастың таңғы асынан құрт шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото бейнежазбадан алынған

Науқастарға құрт қосылған ботқа беретін Атыраудағы кардиология орталығы екені анықталды. Емдеу мекемесінің басшылары тазалық талаптарының неліктен сақталмағанын қазір тексеріп жатырмыз деп ақталуда.

Қазір мамандар құрт табылған ботқадан сынама алып, оны сараптамаға жіберіпті.

«Бұл жерде егер жаппай зиянкестер болатын болса, ол бір науқастан ғана емес, бірнеше науқастан анықталуы керек еді. Шағымда айтылған науқастың тұтынған таңғы асындағы күріш ботқасынан сынама алынған болатын, соны ұлттық сараптама орталығына тапсырдық. Тексеру жүргізілуде”, – дейді Атырау облысы кардиология орталығының эпидемиологы Әйгерім Мекенова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!