Фото: сюжет кадрларынан скрин

Дәрігерлер биыл ЖРВИ мен тұмаудың ең жоғары деңгейі қысқа қарағанда көктем мезгілінде байқалып жатқанын ескертті. Айтуларынша, вирустардың белсенділігі наурыз айында артып жатыр. Сондықтан мамандар ауа райына алданбай, жылы киініп, мейлінше сақтанып жүруге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Эпидемиологтардың мәліметінше, соңғы аптада елде ЖРВИ-дің 168 мың жағдайы тіркелген. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері тұмаудың 2700-ден астам зертханалық расталған жағдайы анықталды. Бұл негізінен H1N1-шошқа тұмауы. Тұмау вирустары да ешқайда кеткен жоқ.

“Респираторлық синцитиальды, риновирустық, аденовирустық және басқалар тарауда. Наурыз айында ЖРВИ-мен ауыратындар санының өсімі болады. Бұл жыл сайын, әр маусым 11-12 аптада тіркеледі. Сондықтан халық алдын-алу шараларын елеп, барлық қажетті талаптарды сақтауы керек”, – деді Жұқпалы ауруларды бақылау басқармасының бас сарапшысы Әйгерім Баяшова. 

Әсіресе көктемде балалар мен жасөспірімдер вирустарға осал келеді. Мысалы, наурыз айының басынан бастап бірінші қалалық емхананың бір ғана бөлімшесіне 700-ге жуық кәмелетке толмағандар жүгінген.

“Ауа-райы бізді жиі алдайды. Суық болып, кейн тез жылып кететінін байқаймыз. Ата – аналарға баланың киіміне, ауа-райына сәйкес киінуіне назар аударуын сұраймыз. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда бетперде киіп, қолды үнемі жуып, гигиена сақтап қорғаныс шараларын жасасын”, – деді №1 қалалық емхананың балалар және ересектер бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Әбіл.

Дәрігерлер сонымен қатар маусымаралық кезеңде адам ағзасы әсіресе көктемде әлсірейтінін айтты. Сондықтан сарапшылар бірінші кезекте дұрыс тамақтануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қосымша дәрумендермен өздеріне көмектесуге кеңес береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!