Медицинада науқастың денсау­лы­ғына дәрігерден кем жауап бермейтін орта буын медицина қызметкерлері – мейіргер екенін бәріміз білеміз.

Емнің дұрыс нәтиже беруі – мейіргердің көрсетілген ем-шараны сауатты да жауапкершілікпен орын­дауында ғана емес, қиналып жатқан науқаспен күндіз-түні бірге болып, көңіл-күйіне әсер ететін жан­кешті еңбегіне тікелей байла­нысты. Бізде мейіргерге дәрігердің көмекшісі ретінде қарайды. Негізінде шет мемлекеттерде ондай ұғым жоқ. Мейіргерді арнайы маман, дәрігердің сенімді серігі деп бағалайды. Дәрігер мен мейіргердің әрқайсысының өз саласы, қызметі бар. Дегенмен, түптеп келгенде, арбаның алдыңғы қос дөңгелегі сияқты екеуі бірігіп бір бағытта жұмыс жасаса, медицина саласында жұмыс сапасының артуы хақ. Олай дейтініміз, мейірбике өз уақытының 70 процентін науқаспен өткізеді. Оларға науқасты күту мен емдеудегі негізгі міндеттер жүктеледі. Сондықтан бұл мамандыққа деген көзқарас та ерекше болуы тиіс.

«Қызылорда облысының мейіргерлік ісі мамандарының Ассо­циациясы» қоғамдық бірлестігінің қа­зіргі біріншіден, мейіргер мәртебесін көтеруге, екіншіден, мейіргерге жалпы халық, дәрігерлер де атүсті қарамай, оларды дәрігердің нағыз серігі деген ұғымды қалыптастыруға, үшіншіден, мейіргер ісін оңтайландыруға күш салуда.

Ендігі мақсат – «Ауырып ем ізде­генше, ауырмайтын жол ізде» деген қағидамен салауатты өмір салтын халық арасында насихаттау және сапалы жұмыс істеу. 

Гүлбахыт ТӨРЕЕВА,

облыстық тері-венерология

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!