Петропавлда коронавирусқа қарсы вакцина алған бойжеткенге ота жасауға тура келді. Екпенің орны ісіп, іріңдеген.
Петропавлда коронавирусқа қарсы екпе алып, кейін оның орны ісіп, іріңдегені жайында тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде жариялады.
Бойжеткеннің айтуынша, вакцина қойғаннан кейін орны ісіп, көгеріп, дене қызуы көтерілген. Үш күннен кейін жедел жәрдем қызметін шақырған оған, облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің бірінде жедел түрде ота жасаған. Екпенің орны іріңдеген екен. Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Құмар Күсемісов осы жағдайға қатысты түсінік берді.
Медициналық қызметкердің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинаны қойдыруға қорқудың қажеті жоқ. Препараттар толық зерттелген.
Бойжеткенге постинъекциялық гематома диагнозы қойылды. Мұның коронавирус вакцинасына және медициналық қызметкерлердің екпе жасау техникасына еш қатысы жоқ. Мұндай асқыну кез-келген вакцинаны егуден кейін болуы мүмкін. Ине тамырға кірген, салдарынан бұлшықеттердің арасында гематома пайда болған. Медициналық мекемеде жара ашылып, іріңнен тазартылды, бактериологиялық себіндіге тексерілді. Сараптама нәтижесі теріс болып шықты», – дейді Құмар Күсемісов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!