Stan.kz, Мектеп оқушысына тәттіні өзіне керек мөлшерде ғана жеуге көмектесетін негізгі бес кеңесті ұсынамыз.
№1-кеңес: Тәттіні негізгі асты ішіп болған соң ғана жейміз
Оқушылар сабақтан немесе серуендеп келген соң қатты аш болып келеді де, бірден шоколадты түгелдей жеп қоюы мүмкін. Ал соның салдарынан кейін сорпа ішкісі келмей қалады. Бала тәттіге тойып алса, жарты сағаттан соң-ақ қарны қайта аша бастайды. Себебі мұндай көмірсулар қарынды тек аз уақытқа ғана тойдырады.
Сондықтан мынадай қарапайым әрі алтын ереже бар: әуелі сорпа ішеміз, содан кейін ғана тәтті жейміз.
Мысалы, бала түскі асын ішіп, аздап тынығып алған соң, оған десерт ретінде «Барни» бисквитін ұсынсаңыз, тәбеті бұзылмайды. Керісінше, жақсы тамақтың соңындағы кішкентай қуаныш болады. Оқушы жақсылап тамақтанып алса, кейін тәттіні аз жейді. Себебі ол тойып қалады.
№2-кеңес: Алдын ала мөлшерін келісіп алыңыз
Тәтті мөлшерін алдын ала белгілемесеңіз, кейін шатасып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан «бүгін – екі кәмпит, ертең – үш печенье, арғы күні – торттың бір тілімі» деп нақты келісіп алыңыз. Әйтпесе, бала кеше неге рұқсат бердіңіз, ал бүгін неге болмайды дегеніңізді түсінбей қалуы мүмкін.
Сіз нақты ереже орнатсаңыз, бала үшін бәрі түсінікті әрі әділ болады. Мысалы, ол мектептен келген соң бір бисквит жей алатынын, одан артық сұраудың қажеті жоқ екенін біледі. Сіз де «тағы берейін бе, әлде бермей қояйын ба» деп қиналмайсыз.
Мұндайда дайын тұрған «Барни» бисквитін пайдаланған өте ыңғайлы. Енді сізге «торттың қанша тілімін кесіп берсем екен», «балмұздақ көп болмай ма» деп уайымдаудың қажеті жоқ. Бір зат – сіздің келіскен мөлшеріңіз.
Арнайы қаптамаға оралып тұрған бір “Барнидің” құрамында небәрі 10 грамм қант бар. Бір шай қасығындай ғана. Бұл балаларға арналған тәттілердің ұсынылған нормасына толықтай сай келеді.

№3-кеңес: Тәттіні марапат не жазаға айналдырмаңыз
«Тәртіпті болсаң, шоколад беремін», «Тыңдамасаң, балмұздақ жоқ!» деген сөздер бізге бала күнімізден таныс. Мұндай әдіс ата-аналарға ыңғайлы көрінуі мүмкін, себебі бала тез келіседі.
Бірақ бұл тәсілдің бір кемшілігі бар: бала тәттіні эмоциямен байланыстыра бастайды. Оның көзінде тәтті — махаббаттың, мақтаудың немесе жазаның белгісіне айналады.
Уақыт өте келе, бала күйзелгенде немесе көңіл-күйі болмаған кезде бірден тәттіге жүгіреді. Осылай, тәтті тамақ жұбанышқа немесе жалғыз қуаныш көзіне айналып кетеді. Бұл болашақта тамаққа деген көзқарастың дұрыс қалыптасуына да кедергі келтіруі мүмкін.
Бала тәттіні күнделікті өмірдің бір бөлшегі деп қабылдаса, өзіне не керегін де жақсы түсінеді. Яғни, ол расында қарны ашқаннан жегісі келіп тұр ма, әлде тек зеріккеннен немесе ішкі күйзелістен бе — соны ажырата алады.
№4-кеңес. Құрамын мұқият қараңыз
Кейбір ата-ана дүкеннен тәтті алуға қорқады, өйткені қаптамадағы жазулар түсініксіз көрінеді. Құрамындағы заттар – Е қоспалар, қоюландырғыштар, эмульгаторлар сияқты атаулар – химия пәнінің кітабындай әсер қалдырады. Мұндай белгісіз атаулар күмән тудырады.
Шын мәнінде, құрамды түсіну қиын емес. Ең әуелі назар аударатын нәрсе — таныс әрі табиғи өнімдердің болуы. Мысалы: ұн, жұмыртқа, сүт, қант. Тәттінің негізі осындай қарапайым әрі таныс қоспалардан болса, демек, ол қауіпсіз.
«Барни» бисквиті дәл осы қағида бойынша дайындалған. Себебі оның құрамында қорқынышты атаулары бар жасанды бояғыштар мен консерванттар жоқ, ал эмульгаторлар табиғи жол арқылы алынған. Сондықтан бұл тәттінің сапасына алаңдаудың қажеті жоқ — балаға беруге болады.

№5-кеңес. Балаңыздың тәттіге көзқарасын дұрыс қалыптастыру үшін өзіңіз үлгі болыңыз
Бала айтқанды емес, көргенді істейді. Олар үнемі ата-анасының әр іс-әрекетін, әсірсесе, қалай тамақтанатынын бақылап, қайталайды. Егер анасы немесе әкесі «Барни» бисквитін жайбарақат, ләззаттанып жеп отырса және оны уайымға айналдырмаса — бала да соны байқайды. Сол кезде ол да тәттіні қорқатын немесе тыйым салынған нәрсе емес, күнделікті тамақтың бір бөлігі деп санайды.
Бала біртіндеп өзі тоқ болғанын не әлі де жегісі келетінін түсінуді үйренеді — сол арқылы тәттіні жеуді қашан тоқтату керек екенін де сезіп, артық жемейді.
Тәттіге қатысты үйде қарапайым әрі нақты ережелер орнатсаңыз, балаға бұл күйзеліс емес, күнделікті өмірдің бір бөлігі болады. «Барни» бисквиттері жеке қаптамада, яғни дәл бір ретке жететін мөлшерде болады. Тәттінің мөлшерін өлшеп отырудың не «артық жеп қоя ма» деп алаңдаудың қажеті жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!