Коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация, балаларды вакциналау қаншалықты қажетті шара? «Хабар» телеарнасындағы «Большая неделя» бағдарламасында сарапшылар осы төңіректе пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір вирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын егу басталатынын айтып жатырмыз ғой, бірақ кейбір отандастарымыз әлі бірінші компонентін де алған жоқ. Вакцина жасалған платформалар иммундық жауаптың әртүрлі бөліктерін белсендіреді. Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған схеманы толығымен құптаймын. Егер алғашқы екі доза «Спутник» вакцинациясы болса, бұл жолы басқасын алған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, біздің QazVac-ты алуға болады. «Спутник» аденовирусқа қондырылғандықтан, жасуша деңгейінде иммунитетті өте жақсы белсендіреді. Бірақ оның жарамдылық аясы өте тар. Ал QazVac-тың ерекшелігі кең, бұл өлтірілген вакцина. Бустерлік вакцинация кезінде вакцинаны ауыстыру өте орынды», – деді С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жалпы иммунология кафедра меңгерушісі Эльмира Битанова.

Сарапшы Президент халықты қайта вакцинациялау науқанын бастауды ұсынғанын еске салды. Оның айтуынша, міндетті түрде қайта вакцинациялануы керек азаматтардың белгілі бір санаты бар. Сонымен қатар тиімді иммундық реакцияны ұзартқысы келетін еріктілерге де мүмкіндік берілуі керек.

Сондай-ақ, бағдарлама барысында сарапшылар балаларды вакциналау мәселесін талқылады.

«Балалар эпидемиологиялық тізбекке белсенді қатысады.Олардың ағзасында сиптосмыз өткенімен, өздері инфекцияның тасымалдаушысы болуы мүмкін. Сондықтан балаларды вакциналау орынды. Әрине, бұл шара балаларға салынатын вакцина қауіпсіз екенін толық көз жеткізгеннен кейін ғана басталуы керек», – деді Эльмира Битанова.

Медицина ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері Бексұлтан Тұтқышев вакцинаға мұқтаж болған тоқсаныншы жылдарды еске алды.

«Тоқсаныншы жылдары балаларды вакциналау мәселесі өзекті боды. Себебі мемлекеттің екпе алатын ақшасы жоқ еді. Сөйтіп балалардың біршама бөлігі вакцинасдан қағылды. Салдарынан тоқсаныншы жылдардың аяғы мен екі мыңыншы жылдардың басында көбі 20-25 жасында желшешекпен ауырды, көз жұмды»,- деп еске алды Бексұлтан Тұтқышев.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көпсалалы медициналық орталығының жоғары санатты инфекционист дәрігері Айгүл Жаңабаева ревакцинаия алдыңғы екі комопненті алғаннан кейін жарты жыл өткенде жалауы керек деген пайымын айтты.

«Қазір жыл сайын тұмауға қарсы екпе алатындар көп. Өйткені тұмау тарайтын кезеңдер тұрақты. Ал бұл індеттетің тарайтын нақты бір кезеңі жоқ. Сондықтан алты ай сайын вакцинала алған жөн», – дейді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!