фото: ашық дереккөздерден

Тақырыпты толық ашып талқыламастан бұрын «Тісжегі деген не?» деген сауалға тоқталайық. Тісжегі – адамзат даму тарихында ежелден келе жатқан аурулардың бірі. Тістерде тісжегінің пайда болуы, таралуы мен қарқындылығына әртүрлі фактор әсер етеді, әсіресе, тұрғылықты аймақтың биогеохимиялық жағдайы, ауыз суда және азық-түліктер құрамындағы фтор және басқа микроэлементтердің мөлшері. Сонымен қатар бір жастан оттөрт жасқа дейінгі балаларда тісжегі ауруы бойынша ерекше қауіптілігі жоғары топтарға жататындығы тағы бар. Балалар эмальының қышқылдардың әсеріне жоғары сезімталдылығы, гигиена негізінің жоқтығы және дұрыс тамақтанбауда кіреді.

Әдебиеттерде балаларда тістің қатты тіндерінің ауруларын бол­жау туралы зерттеу жұмыстары көп кездеседі. Е.Г.Соколинская (1988) токсикозы қиын өткен жүкті әйелдерден туылған балаларда тістердің тісжегімен зақымдануы бойынша қауіпті топтарды қалыптастыруды және емдеу-алдын алу шараларын жоспарлауды негіздеді. Бала­ның тістерінің қалыптасуы мен дамуына ананың денсаулық жағдайы тіке­лей әсер етеді. 37-48 % жағдайда әйел­дердің ғана жүктілігі қалыпты өтеді. Көптеген автордың зерттеу сто­матологиялық аурулар мен баланың ден­ саулық жағдайы арасындағы байланыс дәлелденген. 1,5-3 жас арасында балалардың соматикалық аурулармен ауыруы тұрақты екінші үлкен азу тістің тісжегіге төзімділігін төмендетеді.

Тісжегіні алдын-алудағы ауыз қуысы гигиенасының рөлі

Көптеген отандық және шетелдік автор, ауыз қуысының гигиеналық жағдайы мен тісжегінің таралу қарқындылығы арасындағы, сонымен қатар ауыз қуысы гигиеналық жағдайымен пародонт тіндерінің патологиясы арасындағы тікелей байланысын көрсетеді. Зерттеушілер тісжегінің алдын алу бағдарла­ маларында тістерді тазарту ережелерін үйретуді – Леус Боровский әдісімен, тістерді қорғаныс лак «Беллакпен» жабумен, фторидті ерітінділермен, реминерализациялық ерітінділермен ауызды шаю сеанстарымен біріктіруді ұсынады. 

Баланың жасына қарамастан, олардың дұрыс тамақтануына аса мән беру керек. Қытырлақ, газдалған су, қымбат емес тәттілерді жеу, түнге карай тәтті су, шырындар, сүт ішу баланың тістерінің күйіне теріс әсер етеді. Сондықтан баланың рационына кальцийге бай препараттарды енгізіп, қарапайым көмірсуларға негізделген өнімдерді пайдалануды мүмкіндігінше шектеу қажет. Рационға сүт, сүзбе, қатты ірімшіктерді міндетті түрде қосу қажет, ал витаминдерге келетін болсақ баларға өте тәтті емес жемістерді берген жөн, ал күзгі-қысқы кезеңде витаминді-минералды кешендер міндетті түрде қабылдауын ұмытпаңыз. Сонымен қатар баланы ауыз қуысының гигиенасына үйрету өте маңызды.

Тіс пастасы мен тіс щеткасын дұрыс таңдау маңызды рөл атқарады.(Бұл мәселені маманмен шешкен дұрыс болады). Тіс пастасын жұтып қою қаупін болдырмау үшін ата-ана 7 жасқа дейінгі балалардың тіс тазалау процесін қадағалауы керек. Сонымен қатар гигиеналық өнімдерді үнемі жаңартып отыру керек екенін ұмытпаңыз.

Тағы да айта кететін жайт, тісжегі ауруын болдырмаудың сенімді профилактикасы да, оны табысты емдеудің де негізі болып табылатын ең маңызды мәселе – тіс дәрігеріне үнемі баруды әдетке айналдыру.Тек маман ғана қажетті ұсынысты уақтылы бере алады, аурудың дамуын уақытында анықтап, оны ерте кезеңдерде тоқтатады.

Жұлдызай МАХАТАЕВА,

Тіс дәрігері

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!