Коронавирусқа қарсы балалар вакцинасы жақын арада тіркелуі мүмкін. Бұл туралы РИА Новости порталына Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.

«Қазір сарапшылар жұмыс істеп жатыр: фармакологиялық сараптама өткізілуде. Таяу арада тіркеу туралы оң шешім шығады деген үміттемін», – деді ол.

Гамалея атындағы орталық әзірлеген балаларға арналған вакцина «Спутник М» деп аталуы мүмкін. Бұл туралы Гинцбург бұған дейін мәлімдеген еді.

«Спутник» қала беретін шығар, М әрпі қосылар, бәлкім. Менің түсінуімше, бұл «кішкентайлар» деген мағынаны білдіреді. Бұл вакцинаға М литері қойылуы мүмкін», – деді Гинцбург.

Бұған дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі Гамалея атындағы орталықтан жасөспірімдерге арналған «Гам-КОВИД-Вак-М» вакцинасын тіркеуге құжаттар пакетін алды.

Егер препарат мақұлданса, вакцина салу ерікті болады. Вакцинация ата-ана немесе заңды өкілдің келісімімен ғана жүргізіледі.

Александр Гинцбургтің айтуынша, «Спутник V» вакцинасы коронавирустың барлық түрінен, соның ішінде «дельта» штаммнан қорғайды.

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!