Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин балаларға вакцина салуға қатысты сауалға жауап берді.
Бекшиннің айтуынша, коронавирусқа қарсы салынатын вакцинаның барлығы 18 жастан асқан азаматтарға арналған.
«Балаларға вакцина салынады екен» деген қауесет ел-жұртты үрейлендіріп жатыр. Вакцинаның балаларға салынатынын растайтын ешқандай ресми құжат жоқ. Сондықтан мұндай жалған ақпаратты таратуды доғару керек. Оның барлығы халықты алаңдату мақсатында жасалып жатыр деп ойлаймын. Елімізде 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салу мәселесі қаралмаған», – деді Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің тағы бір вакцинасын тіркеуден өткізген еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!