Аймақ халқының 75 пайызы толық екпе қабылдаған. Алайда індет әлі іргеде болғандықтан вакцинаның маңызы зор. Облыста екпе салдыру жұмыстары басталғалы бері вакцинацияның 1 компонентін – 339 506 адам салдырса, ІІ компонентпен – 273 970 адам қамтылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов облыстағы вакцинациялау жұмыстарын баяндады.
«Қазіргі таңда облыс тұрғындарының арасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Дегенмен өткен тәулікте 22 жағдай анықталды. Өңірде екпе қоры жеткілікті. Қараша айының ортасынан кейін «Pfizer» вакцинасын салдыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол екпе жүкті әйелдер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. Алайда бұл вакцина оқушыларға ата-анасының немесе заңды өкілінің рұқсатымен ғана салынады. Көпшіліктің «Pfizer» вакцинасы туралы сұрағы көп. Қазіргі таңда белсенді түрде ақпараттық насихаттық жұмыстар жүруде», – деді Жангелді Мырзагелдіұлы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!