Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Балаларға вакцина салына ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Елімізде балаларға QazVac вакцинасы бойынша клиникалық зерттеу жүргізілген жоқ. Еліміздің заңнамасына сәйкес, балаларға клиникалық сынақтар жүргізуге тыйым салынған. Қалған вакциналарға келсек, әзірлеушілердің вакцинаны балаларға қолдану туралы мәліметтерін күтеміз, – деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!