Тяньцзинь муниципалитетінде алғаш рет (Қытай) балмұздақтан коронавирус табылды.

Sky News-тің жазуынша, балмұздақ жасау кезінде өндіруші компания Жаңа Зеландиядан әкелінген сүт ұнтағын және Украинадан әкелінген құрғақ сарысуды қолданған. Билік компания COVID-19 белгілері бар 4 836 балмұздақ шығарғанын, оның 2 089-ы қоймада мөрленгенін жеткізді. Базарға апарылған балмұздақтың 65 данасы  сатылғаны белгілі болып отыр.

Эпидемияға қарсы қызмет осы өнімді алған, байланысқан адамдарды іздеп жатыр. Лидс университетінің вирусологі, дәрігер Стивен Гриффин мұндай жағдай болуы мүмкін екенін айтады. Балмұздақтан коронавирустың анықталуына COVID-19-бен ауырған адам мен өнімнің байланысы себеп.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!