Фото:depositphotos.com

БАҚ Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздың денсаулығы нашарлағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның денсаулығы күрт нашарлап, Норфолктегі үйінде әрең қозғалып жүр. Бұл жайында RadarOnline монархтың жақын ортасына сілтеме жасап жазды.

«Король ауыр, бірақ үмітсіз дертпен күресіп жүр. Бұл – оның өміріндегі қайғылы кезең. Дегенмен ол бәріне «бар күшіммен шыдап, жігерімді жоғалтпауға тырысып жүрмін» дейді», – деп жазады басылым дереккөзге сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, Чарльз III таяққа сүйеніп жүреді және ауырсынуды жеңілдету үшін арақ-шарап ішеді.
Еске салайық, 2024 жылдың басында ІІІ Чарльзға қуықасты безіндегі онкологиялық дертке байланысты ота жасалды. Ал ақпанда Букингем сарайы ресми түрде диагнозды растаған болатын. Қоғамдық іс-шаралары азайғанына қарамастан, монарх мемлекет басшысы ретіндегі міндетін атқарып келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!