Бұл жұмыстарды үйде өз күшіңізбен жүргізу қауіпті.

Фото: primeminister.kz

Кеше Ақтауда қандалаға қарсы улау салдарынан көрші пәтердегі 2021, 2022 жылы туған балалар көз жұмды. Екі баланың өліміне қатысты Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас санитар бүгінде қайғылы оқиғаға байланысты эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазір қылмыстық іс қозғалған. 

Алдын ала қорытындыға сәйкес, пәтер иесі дезинфекциялық жұмысты өзі жүргізген. Ол дезинфекция жасайтын құралдарды өзі сатып алған. Содан кейін оны пәтеріне шашып, отбасын алып кетіп қалған. Улы зат желдету жүйесі арқылы көршілердің үйіне тараған. Қазір қылмыстық із қозғалды, – деді Айжан Есмағамбетова. 

Бас санитар дезинфекциялау, дератизациялау жұмыстарымен айналысатын барлық ұйым мен адам лицензиядан өтіп, лицензия алуы шарт екенін ескертті. 

Мұндай жұмыстарды нұсқаулықты оқыған соң барып жүргізу керек. Ең дұрысы дезинфекция, дератизация жүргізетін мамандардың қызметіне жүгініңіз. Бұл жұмыстарды үйде өз күшіңізбен жүргізу қауіпті. Бұрын зиянкестерді улаумен айналысатын ұйымдардың қызметі реттелмеген. 2007 жылға дейін ондай реттеу болғанымен, кейін күшін жойды, – деді вице-министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!