Алматыда 1 жасар балаға башпайы саусағына ауыстырып салынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.
Алматыда №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы базасында аяқ-қолында сирек патологиясы бар балаларға ота жасалды. №2 БҚКА травматолог-микрохирургтары және әлемге әйгілі микрохирург, Мәскеу қаласының РХДУ травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубевпен бірге 6 пациентке ота жасалды.
Туа біткен және жүре пайда болған ақауы бар алты қазақстандық баланың аяқ-қолына жасалған оталар сәтті аяқталды.
Балалардың бірінің әжесі Мира Қалибекованың немересінің оң қолының білегі болмаған.
«Менің немеремнің туған кезде оң қолының білегі болмады, ал сол қолының бас бармағы толық дамымаған болды. Қызым «Мейірімділік» қоғамдық қорына жүгінді, тексеруден кейін дәрігерлер аяқтың бармағын сол қолға ауыстырып салуға болатынын айтты. Бұл оған сол жақ қолымен стақан ұстауға, сол қолды толығымен пайдалануға мүмкіндік береді. Болашақта мектепке барғанда сол қолымен қалам ұстап, жаза алу үшін қажет», – дейді баланың әжесі.
№2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияров баланың жағдайы туралы айтты.
«Мүбарак оң қолдың аплазиясымен және сол қолдың бірінші және екінші саусақтарының фалангалары жоқ болып дүниеге келді. Бала жүреді, ойнайды, ата-анасы оған оң білегіне косметикалық протезге тапсырыс берді. Даму жағынан бала өз қатарынан қалмайды, оның барлық анализі қалыпты. Саусақты қолға трансплантациялау бойынша ота сегіз сағатқа созылды. Мүбаракқа қалпына келу қажет. Мұндағы барлық ота әртүрлі сипатта болды. Оның ішінде туа біткен ақаулар да, жарақат алғаннан пайда болған ерекшеліктер де бар», – деді №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияров.
«Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин қанша балаға ота жасалғанын айтты.
«Алматы қаласынның №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының 20-дан аса қызметкері мастер-классқа қатысты. Аяқ-қолында туа біткен және жүре пайда болған ақауы бар барлық баланың ішінен біздің дәрігерлер консилиумы көмек көрсетілген алты пациентті таңдады. Мұндай мастер-классты дәрігерлердің кәсібилігінсіз, сондай-ақ, біздің бас серіктесіміз -Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауынсыз өткізу мүмкін болмас еді», – деп қорытындылады «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!