Есірткімен қазір бүкіл әлем болып күресудеміз. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Есірткі – бұл адамның көңіл – күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзады. Қазіргі қоғам дертінің бірі – есірткіге әуестік. Есірткі бұл денсаулықты құртып қана қоймай, адам санасының улануына алып келеді. Нашақорлық – бүкіл қоғамның дерті.

Әрбір отбасы жас ұрпақ тәрбиелеп отырғандықтан, ұрпақтарына есірткінің зиянын, оны қолданғанда қандай ауруға алып баратынын тәрбие беріп түсіндіруіміз керек.

Ағашқа таза су құйып, зиянкестерден тазалап тұрса, ол үлкен болып өсіп, өз жемісін береді. Дәл солай ата-ана да балаға тәрбие беріп, зиянды әрекеттерді ойларынан тазалап отыруымыз қажет. Сонда ғана дені сау ұрпақтың пайда болуына себепші болады.Біз отбасымызбен спортпен шұғылданамыз!Барлық дүниені отбасымызбен жасаймыз.Ата-анамыз бізге жаман әдеттер туралы айтып,ол дүниелерден аулақ болу керек екенін айтады.Әрбір отбасы балаларымызға жақсы тәрбие беріп,ескірткімен бірге күресейік! Өзімізге сау берілген 12 мүшемізді бағалай білуіміз керек.Қоғамда қаншама жастарымыз осы есірткі қолданамын деп өз өмірлеріне балта шауып жатыр..

Тәрбие тал бесіктен басталады. Сөздің ең басында отбасы тұрады. Сол себептен әрқашан ең алдымен балаға жақын адам ата-анасы болғандықтан, денсаулықтың маңызын айтуымыз керек. Есірткісіз өмір- бұл өте керемет, ғажайып өмір!

Қорытындылай келе, есірткі бұл жәй ғана аз уақыттық ләззат. Бұл өмірде есірткісіз де маңызды дүниелер жетерлік.Сол дүниелердің, отбасының, достармыз бен ең бастысы денсаулығымыздың қадірін білейік. Болашақ – біздің қолымызда. Елдің ертеңі – салауатты, білімді, бәсекеге қабілетті жастар.

Есірткінің не екенін білеміз,

Не болса да одан алыс жүреміз.

Қазақ деген ата жолын ұстаған

Ұлы елміз, бақытты елміз, нұр елміз.

Аханаевтар отбасы,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!