Қазіргі таңда есірткі қолданатын адамдар саны көбеймесе , азаяр емес. Қазіргі таңда нашақорлық көбейіп бара жатырғаны белгілі. Болашақ ата-аналар өмірге келетін нәрестелеріне зияны тиетінін біле тұра сол әрекетке барады. Өмірге келетін сәбидің ақыл –ойы кем , денсаулығында ақаулармен өмірге келеді. Жастар есірткіні түнгі клубтарда немесе адам аз жүретін жерлерден алады, және оған тәуелді болып оны іздейді. Соңында ол адамнң өмірі құртылады. Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «Адам мінезінің ақыл- қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру секілді бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен» деп айтқандай , тәуелсіз елімізбен балаларымыздың жарқын болашағы үшін бүгінннен бастап оларды түзу жолға салып, нағыз азамат етіп тәрбиелеу отбасына , жолдастарына , солардың ішінде ең маңыздысы ата – атаның тәрбиесі көбірек орын алады деп ойлаймын.
Отбасы- қоғамның маңызды құрамдас бөлігі. Әр отбасында ауызбіршілік , ынтымақтастық болса, бала саналы , ал қоғам тұрақты дамиды. Ал баланың бұрыс жолда кетуі, қадағалаусыздықтың белгісі. Тіпті бұның зардабы қоғамға тиюі мүмкін. Жастары есірткіге еліткен елдің ертеңі күмәнді , болашағы күңгірт. «Ел болам десең бесігіңді түзе » деп бекер айтылмаса керек. Сондықтан ата-аналар кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесіне қатаң көңіл бөлу қажет. Отбасындағы тәрбиені күшейту керек. Бала тәрбиесіне біріншіден , өз ата-анасы жауапты, одан кейін мектеп, қоғам орта.
Осыған байланысты, қоғамдық – қасіреттің алдын алу мақсатында жергілікті жерлерде оқушылар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет деп ойлаймын. Баланың қалыптасуы – барлық отбасыға ортақ іс.
Сол себепті есірткіден аулақ әрі алшақ болуымыз керек. Біз үшін өмір мен бостандық керек. Біз-ел, мемлекет болашағымыз. Зиянды заттарға келгенде біз саналы елдің азаматы, азаматшасы ретінде ойлануымыз керек. Келер ұрпақ бізден тәлім-тәрбие ала отырып, өсіп-жетіледі. Елді түзегіміз келсе барлық нәрсені өзімізден бастауымыз керек. Ал осы қазынамызды сақтау барысында есірткімен санамызды улап, өз өзімізге қиянат жасамайық!
«Оңдашовтар» отбасы
Қармақшы ауданы, Ақай ауылы №99 орта мектеп
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!