Қазақстанда бір жылдан кейін ұлдар адам папилломавирусына қарсы екпе алуы мүмкін. Мұны денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазин мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2024 жылдың қазанында елде 11 мен 13 жас аралығындағы қыздарға екпе егілді. Енді департамент ұл балаларды вирусқа қарсы вакцинациялауды бастауды жоспарлап отыр.

«2024 жылдан бастап қыздарды жатыр мойны обыры немесе басқа да онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін адам папилломавирусына қарсы вакцинациялауды бастадық. Енді ұлдарға қатысты қаралып жатыр. Бүгінде қыздар арасында вакцинацияны кеңейтуге қатысты үкімет қаулысын өзгерту мүмкіндігін пысықтап жатырмыз. Яғни екпе қабылдайтын қыздардың жасын ұлғайтамыз», – деді Сұлтанғазин сенатта өткен брифингте.

Вице-министр елде кәмелетке толған азаматтар үшін ақылы екпе енгізу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін екенін айтты. Вакцинация алты ай сайын жылына екі рет жүргізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!