фото: aikyn.kz

ЖИ біздің ақылымыз жетпейтін инновациялар жасап, адам өмірін жақсарта алады. Бірақ, ол адамзатты жойып жібереді деген пікірлер де бар.
BGR сайтында жарияланған хабарламаға сүйенген Aikyn.kz, дәрігерлер жазылмайды деген адамға керек дәрі тауып, оны құтқарып қалған оқиғаны талдайды.
ЖИ медициналық әдебиеттерді саралап, дәрі-дәрмектердің пайдалы әсерін анықтайды. Иллюстрация pharma-iq.com сайтынан алынды
.

ChatGPT 2022 жылдың қарашасынан вирустық құбылысқа айналып, ЖИ дәуірінің басталуына түрткі болды. Содан бері жасанды интеллект қарқынды дамып, ірі технологиялық жаңалықтардың себепкері болуда. Сонымен қатар, ЖИ қауіпсіздігі төңірегіндегі пікірталастар да күшейе түсті. Әзірге біз адамнан ақылды, барлық саланы меңгеретін және жаңа дәрілерді жылдам әзірлей алатын ЖИ түрін жасай алған жоқпыз. Алайда қазіргі ЖИ модельдері де барлық белгілі дәрі-дәрмектерді қолданып, өмірді құтқара алатын деңгейге жетті.

Дәрігерлік тәжірибеде болған бірнеше ғажайып оқиға оған дәлел бола алады. Америкалық дәрігерлер бізге белгілі дәрі-дәрмектерді қайта қолдану үшін ЖИ модельдерін пайдалана бастады. Мысалы, белгілі дәрілерді сирек кездесетін, тиімді емі жоқ ауруларға қарсы қолдану.

Әрбір дәрінің пайдалы жағы да, ағзаға кері, жанама әсерлері де болатынын білеміз. Ал, ЖИ медициналық әдебиеттерді саралап, жанама әсерлері бар дәрі-дәрмектердің сирек кездесетін ауруға шалдыққан науқастарға пайдалы әсерін анықтай алады.
Джозеф Коутстің өмірін сақтаған иммунотерапия және стероидтерді біріктірген ем жасауды ЖИ ұсынған.

Жоғары технологиялы медицинаның мүмкіндіктеріне қарамастан, дәрігерлерден үмітсіз жауап есту – қорқынышты жағдай. Бір жылдан астам уақыт бұрын Джозеф Коутске тек бір ғана шешім қабылдау керегі айтылады: үйде ме, әлде ауруханада ма қайтыс болғысы келеді? Дәрігерлер 37 жастағы ер адамды «емдеу мүмкін емес» деп, өлуге қалдырады. POEMS синдромымен ауыратын Джозеф Коутс ауыр асқынуларға тап болады. Оны құтқаратын жалғыз мүмкіндік – дің жасушаларын (стволовые клетки) трансплантациялау деп шешіледі. Бірақ Коутстың жалпы жағдайы мен ағзасы трансплантацияға жарамайды. Дәрігерлердің үміті үзіледі.

Коутстің сүйіктісі Тара Теобальд «жоқ» деген жауаппен келіспейді. Ол сирек кездесетін ауруларға арналған саммитте танысқан Филадельфия дәрігері Дэвид Файгенбаумға жүгінеді. Дәрігер ЖИ көмегімен жаңа емдеу әдістерін зерттеумен айналысатын еді.
Келесі күні доктор Файгенбаум дәстүрлі емес терапияны ұсынды. Ол Коутске химиотерапия, иммунотерапия және стероидтерді біріктірген ем жасайды. Бұл терапия тиімді болып, төрт айдан кейін Коутс дің жасушаларын трансплантациялау еміне жарамды жағдайға келеді.

POEMS синдромы – қан ауруының сирек түрі, ол әртүрлі органдарды зақымдауы мүмкін. Коутстің қол-аяғы жансызданып, жүрегі үлкейіп, бүйрегі істен шыққан еді. Дәрігерлер оның ішінен 3-4 күн сайын сұйықтық сорып алуға мәжбүр болған. Бұл Файгенбаумның әдісін қолданар алдындағы ауыр жағдай еді. Айта кету керек, Коутстің өмірін сақтап қалған терапияны дәрігердің өзі ойлап тапқан жоқ – оған ЖИ көмектесті.
ЖИ қазірдің өзінде белгілі бір аурулар үшін мақұлданған дәрілерді басқа ауруларды емдеуге қолдану жолдарын тауып жатыр.

Дэвид Файгенбаум дәрі-дәрмектерді қайта қолдану үшін ЖИ-ді пайдаланатын Every Cure атты коммерциялық емес ұйым құрған. Бұл ұйым денсаулық сақтау саласындағы DARPA жобасының TED агенттігінен 100 миллион доллардан астам қаржы алды. Every Cure ЖИ негізінде дәрілерді қайта қолдануға бағытталған клиникалық зерттеулер жүргізу үшін осы қаражатты пайдаланбақ.

Фармацевтикалық компаниялар үшін сирек кездесетін ауруларға арналған жаңа дәрілерді әзірлеу коммерциялық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкін. Сол сияқты дәрілерді қайта қолдану да аса табысты емес. ЖИ болса қазірдің өзінде белгілі бір аурулар үшін мақұлданған дәрілерді басқа ауруларды емдеуге қолдану жолдарын тауып жатыр.
ЖИ-дің дәрілерді қайта қолданудағы басты артықшылығы мынада. Әрине, бұл жұмысты адамдар теориялық тұрғыдан өздері де жасай алады. Бірақ оған орасан көп уақыт қажет. Мысалы, сіз интернеттен қандай да бір сирек ауруды емдеуге көмектесуі мүмкін дәрілерді іздей аласыз. Яғни, сіз сол дәрілердің бастапқы мақсаты басқа болса да, олардың күтпеген пайдалы жанама әсерлерін табуға тырысасыз. Бірақ бұл – адам үшін ұзақ әрі күрделі жұмыс, ал көптеген науқастардың айлар, жылдар бойы күтуге уақыты жоқ.

Медицинаға бейімделген ЖИ модельдері бұл процесті бірнеше минутта, сағатта жедел жасай алады. Қас-қағым сәтте ЖИ дәрігерлер ойламаған дәрі-дәрмектерді де ұсына алады.
ЖИ моделі пациентке әдетте антисептик ретінде қолданылатын изопропил спиртін мұрын арқылы иіскетуді ұсынады. Науқасқа бұл тәсіл жақсы көмектескен.

Дэвид Файгенбаум сияқты Алабама университетінің зерттеушісі Мэтт Майт та ЖИ көмегімен дәрілерді қайта қолдану бойынша жұмыс істейді. Оның университеттегі командасы 19 жастағы, созылмалы құсу ауруына шалдыққан науқасқа ЖИ моделі тапқан қарапайым дәрінің көмектескен айтады.

Олар ChatGPT-ге енгізілетін сұранысқа ұқсас, өздерінің ЖИ моделіне «медицина тарихында ұсынылған жүрек айнуын басатын барлық емдеу әдістерін көрсетіңіз» деген нақты сұрақ қойған. ЖИ моделі пациентке әдетте антисептик ретінде қолданылатын изопропил спиртін мұрын арқылы иіскетуді ұсынады. Науқасқа бұл тәсіл жақсы көмектескен.

Дегенмен ақылды жүйелер қандай шешім ұсынса да, соңғы сөз әрдайым дәрігерлерде. Коутс үшін бұл ЖИ ұсынған терапия сәтті болды. Бір жыл бұрын үміт үзілген адам бүгінде әлдеқайда жақсы жағдайда. Осының бәрі – ЖИ көмегімен дәрілерді қайта қолданудың арқасы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!