Облыс халқының 670 мыңнан астамы, яғни, 82 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәртебесіне ие болған.
Ал биыл 133 491 адамның сақтандыру жүйесіне тіркелмегені белгілі болды. Олардың 66 пайызы соңғы 12 айда мүлде аударым жасамаған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.
«МӘМС жүйесінің толыққанды жүзеге асуына кедергі келтіретін бірінші мәселе – өңірімізде сақтандырылмаған азаматтардың үлес салмағының жоғары болуында. Жалпы облыстағы азаматтардың 82 пайызы сақтандырылған болса, оның 3805 МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне қол жеткізді. Сонымен қатар осы жылы өңір халқын МӘМС жүйесімен қамтудың жол картасы бекітілді. Қала және аудан әкімдіктеріне «МӘМС жүйесіне тарту» жұмыс тобы құрылып, азаматтарды бірыңғай жиынтық төлемдеріне үздіксіз тарту туралы тапсырма берілді», – деді Бақыт Исмаханбетов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!