Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды.

Өтінімді enpf-otbasy.kz сайты арқылы қабылдайды.

Зейнетақы жинағын мынадай медициналық қызметтерге пайдалануға болады:

– дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу;

– Қазақстан аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);

– операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);

– радионуклидтік және радиойодтерапия;

– радиохирургиялық емдеу;

– протон терапиясы;

– офтальмологиялық қызметтер.

Бұған дейін ЭКҰ-ға да зейнетақы жинағын пайдалануға берілетіні айтылған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!