Бүйрек аурулары ағзаның жұмысын бұзып, жалпы денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Бұл жайлы «Теледәрігер» бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Кез келген ауру сияқты бүйрек ауруларының да өзіне тән ерекшеліктері болады. Мәселен, зәр шығару азайып, аяқ-қол ісініп, жиі шаршап, жүрек айнып, басқа да жайсыздықтар жиі қайталанса, дереу дәрігерге барып көрінген абзал.
Мамандардың айтуынша, қарапайым несеп талдамаларын тапсырып, бүйрек ауруларының алдын алуға болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!