Метаболизмнің бұзылуы және ерімейтін тұздардың жиналуы бүйректе тас пайда болуының негізгі себептері саналады. Бұл туралы терапевт Анастасия Тимошенко айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер бүйректегі тас көбіне белгілі бір факторлардың әсерінен пайда болатынын мәлімдеді. Мәселен, бұған мына себептер әсер етуі мүмкін:

  • семіздік,
  • артериялық гипертензия,
  • зәр қышқылының метаболикалық бұзылыстары.

Сондай-ақ, ас қорыту жүйесіндегі сіңу процесі бұзылған жағдайда тас пайда болуы мүмкін. Бүйректегі тастар зәр шығару жолдарының инфекциясы, метаболикалық бұзылулар немесе кальций алмасуы дұрыс болмаған кезде де пайда болуы мүмкін.

Фото: Massaget.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!