Сингапурда COVID-19 жағдайларының күрт өсуі мен ауруханаға жатқызылған науқастардың көбеюіне байланысты маска тағу режимі қайтадан енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: stan.kz
Сингапур денсаулық сақтау министрлігі желтоқсанның бірінші аптасында COVID-19 жағдайларының саны 32 035-тен 56 043-ке дейін өскенін хабарлады. Бұл жөнінде Business Standard басылымы мәдімдеді.
Билік халықты жедел респираторлық инфекция белгілері болса үйде болуға, бетперде киюге және әлеуметтік қарым-қатынасты азайтуға шақырады. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация және оның ауыр аурудың алдын алудағы тиімділігі туралы ақпаратты таратып, үгіт-насихат жұмыстарын күшейткен.
Елге келген саяхатшылардан әуежайларда бетперде кию, туристік сақтандыруды сатып алу және нашар желдетілетін және адам көп жиналатын орындарды маршруттан шығару сияқты алдын алу шараларын қабылдау ұсынылды. Аурухана ресурстарын оңтайландыру үшін жұртшылыққа тек ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін төтенше жағдайларда ғана жедел жәрдем бөлімшелеріне емделуге кеңес берілуде.
Еске салайық, бұған дейін Қытайда микоплазмалық пневмонияға байланысты бетперде режимі енгізілгені туралы хабарлаған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!