Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 6365. Соңғы тәулікте 39 жағдай тіркелді.
Оның 19-ы симптомды, 20-ы симптомсыз. Вирус анықталған 17 науқас инфекциялық стационарда, 22-і үй жағдайында бақылауға алынды. Ал індеттен айыққан науқастар саны 5841-ге жетті. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 23187, тікелей қарым-қатынас-20439, ықтимал қарым-қатынас-2 748.
Өткен тәулікте зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 1451, тексерілгені – 1095, жұмыс жасалуда – 356. Қалдық тест саны – 15429. Эпид. маусым басталғалы бері 308453 сынама алынды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!