Америкалық ғалым адамзатты COVID-26 және COVID-32 қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Коронавирус және жұқпалы аурулар бойынша сарапшы Питер Хотез COVID-19-тің шығу тегі туралы мұқият зерттеу қажет екенін айтты. Ол үшін вирусологтар мен эпидемиологтарды эпидемия басталған Уханьға жіберу керек. Сол жерде ғалымдар мәліметтер мен қажетті үлгілерді жинай алады.

«Бұл – ХХІ ғасырдағы үшінші ірі коронавирус эпидемиясы немесе пандемия. Қазіргісі – үшіншісі. Табиғат-ана бізге не болатынын айтады: егер біз COVID-19-тің шығу тегін толық түсінбесек, онда COVID-26 және COVID-32 болады», – деді ол.

Оның айтуынша, Қытаймен ынтымақтастық орнатпай коронавирустың пайда болуы туралы ақпарат алу қиын болады.

«Мамандар жануарларға, адамдарға, үлгілерге және зертханаларға кедергісіз қол жеткізу үшін Бейжіңге күшті қысым көрсету қажет, – деп қосты ғалым.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!