Кейбір тағамдар дәрі-дәрмексіз қан қысымын төмендетуі мүмкін. Бұл туралы диетолог Эмили Лиминг Daily Mail-ге берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ең алдымен Лиминг калийге бай бананды, авокадо, бататты тұтынуға кеңес берді.
«Калий қандағы натрий мөлшерін төмендетеді, бұл сұйықтық көлемін азайтады және тамырлардың босаңсуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өз кезегінде қан қысымын төмендетуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ол.
Диетолог қысымды төмендететін тағамдардың қатарына омега-3 май қышқылдары бар сұлы кебегі және майлы балықтарды (скумбрия, лосось, форель, сардина) жатқызды.
Лимингтің айтуынша, қысымды төмендетуге қызылша шырыны да пайдалы екен.
«Бұл сусынды екі ай бойы күнделікті 250 миллилитр көлемінде ішу қысымның айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді. Қызылша шырынының сауықтыру әсері оның құрамындағы нитраттарға байланысты», – деді диетолог.
Фото: Massaget.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!