Манго, авокадо, мангустин, личи, айдаһар жемісі, рамбутан және басқа жемістер экзотикалық жемістерге жатады. Олардың құрамында пайдалы дәрумендер мен минералдар бар, алайда кейбір жағдайларда олар денсаулыққа аса қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы диетолог Полина Журавлева ескертті , – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Общественная Служба Новостейге» сілтеме жасап.

Құрамындағы пайдалы микроэлементтерге қарамастан, экзотикалық жемістер аллергия тудыруы мүмкін, әсіресе оған адамда оған бейімділік болса. Сонымен латекс аллергиясы адамның манго немесе авокадоға сезімталдығына әкеледі.

Тағы бір қауіпті фактор – жемістерді алыстан тасымалдау үшін арнайы өңдеуден өткізу. Көбінесе жемістер химиялық заттармен өңделеді, бұл олардың жарамдылық мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

«Бұл фунгицидтер немесе балауыз жабындары болуы мүмкін, олар әрқашан сумен жуғанға жойыла бермейді. Егер сіз жемістердің таза екеніне күмәндансаңыз, қабығын ашып жеңіз немесе органикалық нұсқаларды таңдаңыз», – деп кеңес берді дәрігер.

Ол экзотикалық жемістерді диетаға біртіндеп енгізуге, кішкене бөліктерден бастап, ағзаның реакциясын байқауға шақырды. Асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар адамдар бұған өте мұқият қарауы керек, ал үш жасқа дейінгі балаларға мұндай жемістерді мүлдем бермеу керек.

Жалпы тропикалық жемістер дәрумендер мен антиоксиданттардың көзі. Мысалы, мангода А дәрумені көп, кивиде С дәрумені көп, ал авокадо пайдалы майлардың жақсы көзі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!