Глиобластома деп аталатын ми қатерлі ісігі кез келген адамда ешқандай себепсіз пайда болуы мүмкін. Бұл жайлы нейрохирург Сергей Шипилин айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
News.ru мәліметінше, дәрігер бұл дерттің генетикаға еш қатысы жоқ екенін айтқан. Егер ісікке күдік болса, дәрігер мидың томографиясын жасауды ұсынды.
– Глиобластома – бұл адамда қандай да бір айқын себепсіз пайда болатын қатерлі ісік. Оның алдын алу мүмкін емес. Ол кез келген жаста және кез келген адамда пайда болуы мүмкін. Оның пайда болуының әртүрлі теориялары бар, бірақ оның генетикалық, тұқым қуалайтын немесе қандай да бір бейімділік факторына қатысы жоқ. Егер ми ісігіне күдік болса, науқасқа міндетті түрде контрастты зат енгізу арқылы мидың томографиясы жасалады, – деді нейрохирург.
Дәрігер еш симптомсыз КТ жасаудың қажеті жоқ екенін ескертті. Оның ойынша, ешқандай белгі болмаса, ауруды іздеудің еш мәні жоқ.
– КТ флюорография сияқты жасау керек диагностика түрі емес. КТ-ны қандай да бір белгілер пайда болған кезде ғана жасау керек, – деп қорытындылады нейрохирург.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!