Дәрігер күнде энергетикалық сусын ішсе адам ағзасында қандай өзгеріс болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Доктор Питер порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет pixabay-дан
Энергетикалық сусындардың рецептін өткен ғасырда жапондық өндірушілер ойлап тапқан. Олар жұмысбасты қызметкерлердің белсенділігін одан әрі жақсартқысы келген.
Алайда медицина ғылымдарының кандидаты Александр Созыкин энергетикалық сусындарды үнемі тұтыну патологиялық тәуелділікті ғана емес, тіпті өлімге дейін әкелуі мүмкін екенін айтады.
“Энергетикалық сусындарды күнделікті тұтынуға арналған сусындар ретінде жарнамалайды. Алайда олар асқазанға тез сіңу үшін газдалған су негізінде жасалады. Ал мұндай сусындардың негізгі құрамдас бөліктері – жүрек-қантамыр және жүйке жүйесіне қатты салмақ салатын заттар: қант (қарапайым жоғары калориялы көмірсулар) және жоғары дозадағы кофеиннен жасалады. Сондай-ақ, энергетикалық сусындардың заманауи түрлерінде тәуліктік дозадан асатын таурин, В дәрумендері (ас қорытуға пайдалы), синтетикалық бояулар мен хош иістендіргіштер бар», – деді маман.
Биологтың айтуынша, энергетикалық сусындардың 100 грамм сусынында шамамен 25-40 миллиграмм, 500 миллилитрінде шамамен 125-160 миллиграмм және 250 миллилитрінде 63-100 кофеин бар. Энергетикалық сусынның бір банкасын ішу бір уақытта 3-4 кесе тұтас дәнді кофе ішумен бірдей.
«Энергетикалық сусындарын ішудің тәуліктік нормасы 0,5 литрден аспауы керек. Мұндай сусынды ішкенен кейін де бір-екі сағаттан соң қайта шаршайтыныңызды түсіну керек», – деді Александр Созыкин.
Сусынды күнделікті тұтыну 3-6 ай ішінде тәуелділіктің дамуына алып келуі мүмкін. Бұл тіпті патологиялық тәуелділікке айналады.
«Энергетикалық сусындардың жоғары дозасын үнемі және бақылаусыз қолдану диарея мен құсу, асқазан жарасының және басқа да аурулардың өршуіне әкеледі. Әлемнің әртүрлі елдерінде дәрігерлер осы сусынның кесірінен аритмиядан, инфаркттан, жүрек соғысынан, инсульттан, кенеттен есін жоғалтудан кейін жазатайым оқиғадан қайтыс болғандарды тіркеді», – деп қосты биолог.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!